Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Ерлан Мұратұлы Әукенов облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.
Ерлан Әукенов 1984 жылы Алматы қаласында туған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика факультетін бітірген. “Болашақ” бағдарламасы бойынша Халықаралық бизнес академиясын, менеджер, мемлекеттік саясат магистрі мамандықтары бойынша Бредфорд (Ұлыбритания) университетін тәмамдаған.
2007-2008 жылдары “Самғау” Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің активтерді басқару жөніндегі департамент директорының орынбасары болып істеді.
2008 жылы Білім және ғылым министрінің көмекшісі, одан соң Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі департаментінің директоры болып еңбек етті.
2010-2011 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратында басшы қызметтер атқарды.
2011 жылдан осы тағайындалуға дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
