
Демалыс күндері өңірде тағы екі адамнан қауіпті ауру анықталды. Қауіпті індет жұқтырғандардың бірі – жиырма жастағы студент. Ол Түмен қаласынан келіп, Мамлют ауданының Жаңа-Жол бекетіне тоқтаған.
COVID-19 вирусына тест тапсырып, Мамлют қаласындағы карантиндік стационарға оқшауланды. Ал қауіпті індетке шалдыққан екінші адам – жүк тасымалдаушы. 1988 жылы туған азамат Омбы қаласынан келген. Қазіргі таңда байланыста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық зерттеу жалғасуда. Өңірде жалпы саны 38 адам ауру жұқтырғанын айтып өткен жөн.
Сурет: https://ria.ru/