«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН ДӘРІГЕРЛІК КЕҢЕС

Карантин кезінде адамдардың үйден шықпағаны маңызды. Осыған орай Beeline Қазақстан іске қосқан «Online Doctor» мобильді қосымшасы арқылы үйден шықпай-ақ медициналық көмек алуға болады. Онда әр түрлі бейіндегі құзыретті, сертификаты бар дәрігерлер кеңес береді.

«Beeline Қазақстан әлеуметтік жауапты бизнес ретінде елімізге және еліміздің әрбір тұрғынына індет кезінде көмектесу үшін көптеген іс-шараны қолға алды. «Доктор Онлайн» компаниясымен бірігіп ашқан қызметімізді төтенше жағдай кезінде Beeline абоненттері ғана емес, Қазақстанның кез келген тұрғыны тегін қолдана алады», — деді Beeline Қазақстанның жаңа бизнесті дамыту қызметінің жетекшісі Руслан Ильницкий.


«Online Doctor» қосымшасы арқылы әрбір қазақстандық тиісті мамандардан тәулік бойы чат, бейне не аудио қоңырау арқылы ұсыныс пен қажет дәрі-дәрмек тізімін ала алады. Сондай-ақ, емдеу курсы кезінде дәрі қабылдау уақыты науқастардың есіне салынып отырады. Қосымшаны App Store немесе Play Market ресурсынан iOS және Android мобильді платформаларына жүктеуге болады. Толық ақпарат: doctoronline.com.kz
«Online Doctor» қосымшасы — дәрігерге жоспарлы барудың ыңғайлы баламасы. Шұғыл жағдайда (дене қызуы көтерілсе, тыныс алу қиындаса, жөтел қысса және жағдайыңыз күрт нашарласа) бірден «Жедел жәрдем» шақырған жөн.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp