«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕГІН ӘРІ ҚОЛЖЕТІМДІ

Елімізде денсаулық сақтау жүйесінің тұрақты дамуына бағытталған 2016-2019 жылдарға арналған “Денсаулық” мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аталмыш бағдарлама сапалы медициналық көмек көрсету және халықтың денсаулығы үшін бірлескен жауапкершілік принциптерін ұстануға ықпал етеді.

Бағдарламаның басты мақсаты – ден-саулық сақтау жүйесін жетілдіру. Осыған байланысты, 2016 жылы Қазақстан Республикасының міндетті медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылды. Қор тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық қызметтерді төлеу бойынша бірыңғай қаржы операторы саналады.

Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында биыл өңірімізде 52 медициналық мекемемен келісімшарт жасалды. Оның 22-сі – жекеменшік меди-циналық ұйымы. Қазір тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мемлекет есебінен қаржыландырылады. Учаскелік терапевт дәрігердің қабылдауында болу, педиатр, акушерлік, “Жедел жәрдем” қызметі және санитарлық авиация, шұғыл стационарлық, мейірбикелік көмек алу мен созылмалы аурулары бар науқастар амбулаторлық дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі.

Өткен жылдан бастап Қазақстанда тұруға рұқсаты бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ТМККК пакетіне қол жеткізді. Бұл санаттағы тұрғындар емханаларға тіркеліп, өзге азаматтар сияқты тең дәрежеде медициналық көмек алады.

Азаматтардың денсаулығына жеке тұлға, мемлекет, жұмыс беруші жауапкершілікпен қарауы тиіс. Мемлекет есебінен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі медициналық қызметтердің негізгі пакеті болады. Екінші деңгейде медициналық көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен қаржыландырылады.

МӘМС жүйесі қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкерлердің салымдары мен жарналары түріндегі міндетті төлемдерден құрылған. Қазіргі уақытта жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер жұмыскерлердің жалақысының 1,5 пайызы мөлшерінде медициналық сақтандыру қорына аударымдар жасайды. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қызметкерлердің еңбекақысынан 1 пайыз жарна әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударылады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің барлық қатысушылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінен бөлек, 2020 жылдан бастап тегін медициналық қызметтер алады. МӘМС пакетіне әлеуметтік маңызды және негізгі созылмалы аурулардың тізіміне кірмейтін ауруларға медициналық көмек көрсетіледі. Оған клиникалық диагностикалық сараптама, жоспарлы ауруханаға жатқызу және стационарлық көмек, амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сондайақ, алты бейін бойынша медициналық оңалту шаралары кіреді.

– Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу арқылы мемлекет инфрақұрылымды, медициналық білім мен ғылымды одан әрі қаржыландыруды, соның ішінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерін қамтамасыз ету бойынша міндеттемелер алады. Өз кезегінде әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілетін медициналық қызметтер үшін қаржы төлейді. Мемлекеттік, сондай-ақ, жеке клиникалар меншік түріне қарамастан, МӘМС жүйесіне қатыса алады, – дейді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының директоры Лариса Гордеева.

Қазақстанда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін енгізу амбулаториялық жоспарлы түрдегі стационарлық медициналық көмек, жоспарлы түрдегі стационарды алмастыру көмегі және дәрілік қамтамасыз ету сияқты жұмыстарды одан әрі жетілдіруді көздейді. Бүгінгі күні қор сапаны жақсарту үшін көрсетілетін медициналық қызметтердің көлемін бақылау және басқару тетіктерін енгізді.

Анна ПЕНЬКОВА,

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры облыстық филиалының сарапшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp