«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕКСЕРІС НӘТИЖЕСІ

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі мемле­кет­тік аудит департаменті 2019 жылдың соңында “Қа­зақстан Республикасы Мәдениет және спорт министр­лігінің Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы әкім­дігінің Қызылжар аудандық Мәдениет үйі” мемле­кет­тік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында субси­дия­ларды пайдалану, жалақы және коммуналдық төлемдерді есептеу мәселесі бойынша аудиторлық іс-шара жүргізді.

Аудит нәтижесінде жалпы сомасы 5 740,6 мың тең­ге көлеміндегі жалақының және 9,2 мың теңге міндетті зейнетақы жарнасының артық аударылғаны анық­талды.
“Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қам­сыздандыру туралы”, “Міндетті әлеуметтік сақтанды­ру туралы” Заңдарының талаптары бұзылып, жалпы со­масы 687,9 мың теңге қызметкерлерге есептелген міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік және мін­детті әлеуметтік медициналық сақтандыруға ауда­рым­дар, кәсіподақ мүшелерінің жарналары, жеке та­быс салығы мен әлеуметтік салық жүргізілмеген.
Сонымен қатар Еңбек кодексінің талаптары бұзы­лып, қызметкер жұмыстан шыққанда 45,0 мың теңге мөл­шерінде пайдаланылмаған демалыс өтемақысы және төрт жұмыс күнінің жалақысы есептелмеген жә­не төленбеген. Осылайша, мемлекетке жалпы сомасы 5 749,8 мың теңге шығын келтірген. Бұл заң бұзушы­лық­тар лауазымды тұлғалар тарапынан тиісті ба­қылаудың болмағанын көрсетеді. Аудит материалда­ры қажетті шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау ор­гандарына жіберілді.

Талғат КЕНЖЕБАЕВ,
Солтүстік Қазақстан облысы  бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp