«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Құмар Ақсақаловпен телефон арқылы сөйлесіп, елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты өңірде атқарылып жатқан қауырт жұмыстың барысымен танысты.

Әңгiме барысында әлем елдерінің құтын қашырып, қазақстандықтардың алаңдаушылығын тудырған iндетпен күрестің барысы және өңiрдегi санитарлық-эпидемиологиялық жағдай сөз болды. Қауіпті дерттің ел ішінде кең етек жайып, таралуына жол бермеу мақсатында жарияланған карантиндiк шараларды жүзеге асыру барысы да айтылды.
Мемлекет басшысының осындай қысылтаяң шақта азаматтарға әлеуметтiк көмек көрсету жөніндегі тапсырмаларының өңірімізде орындалуы туралы айтқан облыс әкімі Құмар Ақсақалов аграрлық өңір үшін аса маңызды науқан – көктемгі егіске дайындық жұмыстарына да тоқталды. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңірімізде “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жайлы сұрап, жергілікті жердегі жағдаймен танысты. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp