«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕМЕКІГЕ “ЖОҚ!” ДЕҢІЗ

Облыстық медициналық колледжде “Өзіңіздің және отбасыңыздың денсаулығын сақтаңыз! Темекіге “жоқ” деңіз!” акциясы өтті. Оны саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығы ұйымдастырды. 

Облыс орталығында орналасқан колледждер мен мектеп-интернаттардың дарынды оқушылары бұл кеште өз өнерлерін барынша көрсетуге тырысып, ән салып, би биледі. Саламатты өмір салтының әнұранын орындаған медициналық колледждің студенті аталмыш акцияның жаңалығы болды. Сонымен қатар, “Motion force” жастар денсаулық сақтау орталығының еріктілері таңғалдырарлық флешмоб көрсетіп, көрермендерді де өздеріне тарта білді. Іс-шараның соңында көрермендер ризашылығын білдіріп, тұрғындарымыздың денсаулығының мықты болуы осындай бірегей шаралардың өткізілуіне тікелей байланысты екендігін атап көрсетті.

Жиналғандарға саламатты өмір салтының символы белгіленген төсбелгілер таратылып, акцияға қатысқандары үшін алғыс хаттар берілді.

(Өз тілшімізден). 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp