«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЕРАПИЯ БӨЛІМШЕСІ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Айыртау ауданының әкімі Бейбіт Исманов Лобаново, Имантау, Төменгі Бұрлық және Арықбалық ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыс жайлы баяндап, алдағы жоспармен бөлісті.

Лобаново ауылының тұрғыны Ольга Спиридонова жергілікті жердегі ауыл шаруашылығы колледжінің мүшкіл жағдайына алаңдаулы. Қазіргі кезде 76 оқушы білім алып жатқан колледжде 68 қызметкер жұмыс істейді. Аудан әкімі Имантау – Шалқар курорттық аймағын дамыту аясында бұл нысанды сақтап қалу жолдары қарастырылып жатқанын айтты.
Осы күні түстен кейін аудан басшысы Имантау ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Имантаулықтар ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізуі үшін арнайы демалыс орны жоқ екенін айтты. Имантаулық жас кәсіпкер Азат Қайратов демалыс орнын ашу үшін бос тұрған ғимаратты сатып алып, құжаттарын дайындап жатқан көрінеді. Сондай-ақ, облыс орталығына автобус қатынасының болмауы, Имантау орта мектебі жанындағы қазақ сыныптарында оқушылардың азаюы алаңдаушылық тудырып отыр.
Ал Төменгі Бұрлық ауылдық округінің тұрғындары Саумалкөлге дейін автобус қатынасын жандандыруды сұрады. Сонымен қатар таза ауызсу мәселесі де көтерілді. Аудан басшысы Төменгі Бұрлық ауылы бойынша су тарту желісінің жобалық-сметалық құжатының әзір екенін айтты. Үстіміздегі жылы құрылыс жұмыстары басталады.
Арықбалық ауылы – халық көп қоныстанған бұрынғы аудан орталығы. Арықбалықтықтар ауызсудың сапасын, жолдарды қардан тазалау мәселесін көтеріп, дәрігерлік амбулаторияның терапия бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істесе деген тілектерін жеткізді. Ауыл тұрғындары терапия бөлімшесіне қатысты өтініштерін облыс әкімі Құмар Ақсақаловқа да айтқан болатын. Осы орайда өңір басшысы бөлімшенің жұмысын қалпына келтіру жөніндегі тапсырма беріпті. Бүгінгі таңда осы мәселені шешу жолдары қарастырылып жатыр.
Осылайша, өткен жылы жеткен жетістіктер мен орын алған кемшіліктер сараланып, алдағы міндеттер айқындалды.

Бағлан ҚОЖАҚОВ.
Айыртау ауданы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp