Петропавлда жастар арасында спорттық акробатика және акробаттық жолақ пен батутта секіруден Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Анатолий Ямпольскийді еске алуға арналған халықаралық жарыс өтті, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Анна Пенькова.
Сайысқа еліміздің 7 қаласынан өзге, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның 140 үздік акробаты қатысты. Үш күнге жалғасқан сайыстың қорытындысы бойынша спорттық акробатикада – Александр Зотов пен Анастасия Бейсенбаеваның аралас жұбы, батутта секіруде – Сергей Галицкий, ал акробаттық жолақта – Алексей Перепадя, Виталий Делль, Алина Мұхамеджанова және Екатерина Морозова жеңімпаз атанды.