«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТОЙЫМСЫЗ ЕСЕПШІ

Облыс орталығындағы Ұлттық ұлан әскери институтының қызметкері достарына және туыстарына заңсыз ақша аударып, 27,8 млн. теңге көлемінде бюджет қаржысын жымқырды деп айыпталуда.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті бастығының орынбасары Сергей Потаниннің сөзіне сәйкес, аталған заң бұзушылық 2014 жылдың шілде айынан 2019 жылғы мамырға дейін жалғасқан. Тергеу барысында күдіктінің ұзақ уақыт әскери институттың қаржыға жауапты бөлімдерінде қызмет атқарғаны белгілі болды. Бос жұмыс орындарының есебінен ай сайын бюджет қаржысы үнемделетінінен хабардар болған ол әскери және азаматтық қызметкерлердің персоналды мәліметтерін өзгертіп, орнына осы институтта әскери қызмет атқаратын өзінің, жұбайының, достары мен таныстарының деректерін көрсеткен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары ұзақ уақыт бойы бюджеттік қаржыны жымқыру басшылардың өз қызметін тиісті түрде атқармай, қарамағындағы қызметкерлерді дұрыс қадағаламауының салдарынан орын алғанын айтады. Сондықтан жауапты тұлғаларды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселесін қарауды ұсынды. 

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp