АҚШ президенті Дональд Трамп және оның әйелі Меланья коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Трамп өзінің «Twitter»-дегі парақшасында жазды.
“АҚШ-тың бірінші ханымы екеуміз коронавирусқа тест тапсырдық, оның нәтижесі оң болып шықты. Біз дереу карантинге шығып, ем қабылдауға кірістік”, – деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Трамптың кеңесшісі Хоуп Хикстан коронавирус анықталған еді.
https://egemen.kz