«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ТУҒАН ЖЕР” ТӘНТІ ЕТТІ

“Туған жер” халық би ансамблі кезекті концертін Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойына арнады.

Облыстық филармонияның ғимаратында өткен концертте ине шаншар жер болмады. Ансамбльдің құрылғанына биыл – бес жыл. Осы уақыт аралығында кәсіби шеберлігімен танылып үлгерген өнер ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясының Астанада өткен салтанатты жиындарында Елбасы алдында сан мәрте өнер көрсетті.  

Өнер ұжымының әрбір биі тұтас қойылым іспетті. Сахна шымылдығы қазақ ұлттық билерімен ашылды. Одан басқа сахнада орыс, беларусь, украин және тағы басқа этностардың төл туындылары орындалды. Өнер ұжымының мерейтойлық концерті үстіміздегі жылдың желтоқсан айында Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында өткізілмекші.

Бақытжан ЖОЛДАСҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp