«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫНЫШТЫҚ САҚШЫЛАРЫНА СЫЙ

Облыстық ішкі істер департаментінде Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қызмет жолы туралы деректі фильмді тамашалаудан басталды. “Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында біз тұрақты әрі халқы тату мемлекетте өмір сүрудеміз. Мен еңбексүйгіш, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарайтын әрі берілген тапсырманы мүлтіксіз орындауға даяр тұратын ұжымымды мақтан тұтамын”, – деді облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов.

Салтанатты шара барысында елуден астам полиция қызметкері марапатталды. Марапатталғандардың бірі – Есіл аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Азамат Тастыбай. Оған көп жылдар бойы адал қызмет атқарғаны үшін “Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін” медалі табыс етілді. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp