«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тынығады әрі ем алады

Облыстық ауыл шаруашылығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласы салалық кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері Айыртау ауданындағы Имантау көлінің жағасында орналасқан “Солнечный VIP” демалыс базасында болып, қызметімен танысты.

Іссапарға қатысушылар тамақтану, медициналық-сауықтыру кешендерін аралап, демалушылардың хал-жағдайларын сұрастырып білді. Пандемия кезінде осында тынығып жатқандар үшін жасалып жатқан іс-шаралар барысы да назардан тыс қалған жоқ. Демалыс базасының директоры Вадим Поморцев тынығушылардың қалыпты демалуларына, науқастардың ем-дом қабылдауларына барлық жағдай жасалғанын жеткізді.

Салалық кәсіподақ төрағалары республикалық маңызы бар туристік аумақтардың ондығына кіретін Имантау – Шалқар курорттық аймағында кәсіподақ мүшелерінің демалысын ұйымдастыру және ынталандыру шарттарын, демалыс маусымының ұзақтығына және жолдамалар санына байланысты тиімді пайдалану жайын талқылады. Демалыс базасының кәсіподақ ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытудың іс-қимыл жоспарлары белгіленді.

Республикалық ауыл шаруашылығы қызметкерлері салалық кәсіподағы ұйымдастырған акция аясында кәсіподақтың 25 мүшесіне жолдама тегін берілген. Келесі жолы білім беру мекемелері кәсіподақ мүшелері қызметкерлерінің іссапарын ұйымдастыру жоспарланған.

Облыстық кәсіподақтар орталығы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp