«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТЫҢДАРМАН ДӘН РИЗА

Облыстық филармонияның ән­шісі, өнер колледжінің оқытушы­сы Юлия Стадухина өңір тұрғын­дарына онлайн режімінде “Лет­нее настроение” атты жеке кон­цертін ұсынды.

Пандемия кезінде өнерсүйер қауымға көтеріңкі көңіл күй сый­лауға тырысқан өнерпаз танымал джаз әншісі Элла Фицджеральд­тің аңызға айналған “Angel eyes” туындысын орындады. Кеш ба­рысында Юлия өз тыңдарманда­рын қазіргі қиын жағдайға орай барлық сақтық талаптарын ұс­тануға шақырды.

Облыстық филармонияның ди­ректоры Ботагөз Ақмағамбетова­ның айтуынша, Қызылжар өнер­паздары карантин жағдайына қа­рамастан көрермендерін ұмыт қал­дырмайды. Өнер иелері де­малыс күндері жергілікті “Qy­zyljar” телеарнасында да концерт беріп, әлеуметтік желілер арқылы тың­дар­мандарына түрлі шығар­ма­шы­­лық кештер ұйымдастырып келеді.

Гүлбике КУБЕНОВА,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp