Ертең, қазанның 21-нен 22-не қараған түні Ирландияның Белфаст қаласында солтүстікқазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың қатысуымен кәсіби бокс кеші өтеді.
Кәсіпқой боксшының бұл жолғы қарсыласы – ирландтық Райан Барнетт бүгінге дейін жеңіліс тауып көрмеген спортшы екен. Жерлесіміздің кезекті жекпе-жегін «QAZSPORT» телеарнасының тікелей эфирінде сағат 00:30-дан бастап тамашалауға болады.