«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛДЕР ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Қалалық Мәдениет үйінде Қазақстан халқы тілдері күніне орай “Қазақстан – бірліктің ақ бесігі” атты облыстық фестиваль өтуде. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысуда. Алдымен фестивальға қатысушылардың назарына қолөнер шеберлерінің көрмесі ұсынылды. Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы мен өңір аудандарының шеберлері әр этностың мәдениетіне тән ұлттық нақыштағы бұйымдарын жұртшылық назарына ұсынды. Тілдер мерекесіне қатысушыларды облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттік тілдің дамуына айрықша көңіл бөлді. Қазақ тілі бай әрі көркем тіл. Бүгінде елімізде этнос өкілдерінің мәдениеті мен тілінің дамуына барлық жағдай жасалуда, – дей келе, Руслан Қанатханұлы латын графикасына тоқталып, тілдер күнінің маңызы зор екенін атап өтті. Достық пен татулықтың, ынтымақ пен берекенің нышанындай қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлаған фестивальде өңірдің шығармашылық ұжымдары өнер көрсетуде. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp