«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТІЛШІЛЕРГЕ – ТАРТУ

Облыстың ішкі істер органдарының қоғамдағы қылмыспен күресін, мұндай оқиғалардың алдын алудағы қимыл-әрекеттерін, полицияның жұртшылықпен байланысын өңірлік және республикалық басылымдарда жазу, теледидардан көрсету тілшілердің күнбе-күнгі жұмысының бір арнасы болып табылады. Өтіп бара жатқан жылда бұқаралық ақпарат құралдарында облыс полицейлерінің жұмысы жайында бес мыңнан аса материал берілген екен.

Жаңа жыл қарсаңында облыстық ішкі істер департаментінде тілшілерді осы еңбегі үшін марапаттау рәсімі болып өтті. Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Берік Біләлов бұқаралық ақпарат құралдарының 8 қызметкерін Алғыс хатпен марапаттады, 28 тілшіге бағалы сыйлықтар тапсырды.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

 облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp