«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Түнгі қаладағы балалар»

Петропавлда полицейлер балаларды қорғауға бағытталған екі іс-шара өткізіп жатыр. «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында мектептің полиция инспекторлары бастауыш сынып оқушыларына жол қозғалысы қауіпсіздігі жайлы сабақ өткізуде. Балалар жол ережелерінен білімдерін сурет бетіне түсіріп, плакаттар арқылы көрсетті, олимпиадалық резерв мектебінің оқушылары тіпті көрнекі құрал ретінде жолдың макетін жасады.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары «Түнгі қаладағы балалар» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуді бастады. Оның барысында мектепте және полицейлердің есебінде тұрған тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдердің тұрғылықты жеріне тексеріс жүргізілмек. Бүгінгі таңда Петропавлда тұрмысы төмен 91 отбасы және 59 кәмелетке толмаған балалар полицияда есепке алынған. Жасөспірімдер биыл 13 қылмыс жасап, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға 65 материал жіберілді. Комиссия үш жасөспірімді арнайы оқу мекемесіне жіберуге мәжбүр болды.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp