«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түркияның оңтүстігінде жарылыс болды

Түркияның оңтүстігіндегі Хата провинциясының Искендерун қаласында жарылыс болды.

Келеңсіз жағдай қаланың орталық бөлігіндегі Фенер көшесінде орын алған. Жарылыс аумағында көлік қозғалысы тоқтатылды. Оқиға орнына жедел жәрдем және полиция бөлімшелерінің көліктері келіп жетті. Хатай әкімшілігінің мәліметінше, ешкім зардап шекпеген. Әкімшіліктен жарылыс қауіпсіздік күштерінің лаңкестік әрекет жасады деген күдік келтірілген екі ер адамның бірі өлтірілгеннен кейін орын алғаны хабарланып отыр. Кейінірек Түркияның ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу шабуыл жасауға қатысы бар Күрд жұмысшылар партиясының (КЖП) екі лаңкесі өлтірілгенін мәлімдеді.

 https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp