Облыстық полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының қызметшілері жұмыстың заманауи әдістерін меңгеруде. Жуырда басқарма мамандары үшін мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелеріне арналған семинар өтті.
– Қазіргі уақытта заңнамалық базаны заман талабына сәйкестендіру жүріп жатыр, соған орай тұрғындармен жұмыстың қағидалары да жаңғыруда. Сондықтан мамандардың біліктілігі мен білімін арттыру бүгінгі күннің басты қажеттілігіне айналды, – деді облыстық полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Берік Біләлов.
Облыс орталығында ашылған көші-қон қызметі орталығының жұмысы тиімділігін көрсетуде. Мұнда келушілерге қолайлы жағдайлар жасалған, абыр-сабыр кезек жоқ. Мәселен, ел аумағында жұмыс істеуге келген еңбек мигранты рұқсат қағазын бұрынғыдай бес күнде емес, небары бір сағат ішінде ала алады.
Өңірімізде қашықтан қызмет көрсету ісі жолға қойылмақ. Аудандық көші-қон қызметшілері облыс орталығының тұрғындары немесе қонақтары ие бола алатын қызмет түрлерін қаладан шалғай жатқан кез келген елді мекенде үйден шықпай-ақ алуға болатыны жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Семинарда ақпараттық жұмыс әдістемелері тақырыбы кеңінен қаралып, көші-қон полицейлерінің жаңа міндеттері айқындалды. Аумақтық полиция бөлімдері қызметшілерінің біліктілігін көтеру мәселелері талқыланды.
Игорь МЕРЦАЛОВ,
облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы.