«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындар үшін ыңғайлы

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мемлекеттік ве­те­ринариялық қызметтің маңызды әрі стратегиялық міндеті болып та­былады. Соңғы жылдары вете­ри­нария саласын цифрландыру бо­йынша қолға алынған шаралар­дың нәтижесінде халыққа көрсеті­ле­тін мемлекеттік қызметтердің саны артуда. Бұл өз кезегінде үй жануары мен ауыл шаруашылығы тауарына қажетті рұқсат құжат­тарын алуды жеңілдетуде. Өті­нішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету аудандардағы ау­мақтық инспекцияларда, “Элек­тронды үкіметтің” www.egov.kz және www.elicense.kz сайттары ар­қылы жүзеге асырылады. Бұл тұр­ғындар үшін ыңғайлы әрі қол­жетімді.

Бүгіндері басқарма тұрғындар­ға үш мемлекеттік қызмет түрін көр­сетеді. Ветеринарлық паспорттар мен анықтамалар беру бойынша екі мемлекеттік қызмет Петропавл қаласы мен аудандардағы ветери­нар­лық станциялардың еншісінде. Солтүстікқазақстандықтар ара­сын­да жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты ветерина­риялық-санитариялық сараптау­ды жүргізу жөніндегі қызметпен ай­налысуға рұқсат беретін лицензия сұранысқа ие. Ол, негізінен, вете­ри­нария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға арналған.

Аталмыш мемлекеттік қызметті тек “Электронды үкіметтің” пор­тал­дары арқылы алуға болады. Бұл қызмет порталдың көмегімен ресімделген кезде заңды тұлға мен қызмет беруші ешқандай қа­рым-қатынасқа түспейді. Сәйке­сін­ше, қызметтерді көрсету кезін­де сыбайлас жемқорлыққа жол бе­рілмейді. Ветеринария саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпарат басқар­ма­ның интернет сайтында және ақ­параттық стендтерде орналасты­рыл­ған. Орын алған өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес бұл ақпарат толықтырылып отыры­ла­ды. Сондай-ақ, басқармада “Өзі­не-өзі қызмет көрсету бұрышы” жұ­мыс істейді. Азаматтар электрон­ды цифрлық қолтаңбаның көмегі­мен мемлекеттік қызметтерді ала алады.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді атқару кезінде заңдылықты сақ­тауға бақылау жүргізіледі. Басқар­ма көрсетілген қызметтің сапа­сына баға беру үшін сауалнама жүргізіп отырады. Соңғы монито­рингтің қорытындысы бойынша мем­лекеттік қызметтерді ұсыну рәсіміндегі талаптар толық орын­далған. Облыстық ветеринария бас­қармасы тұрғындар арасында сұранысқа ие ветеринарлық анықтама беру бойынша 20798 мемлекеттік қызмет көрсетті. Есепті кезеңде көрсетілген қыз­мет­тердің сапасы бойынша ша­ғым түскен жоқ.

Дегенмен, маман­да­рымыз қыз­мет көрсету мерзімін созып жі­бер­се, қызмет алушы бел­гіленген заң­намалық тәртіпке сай шағым түсі­ру­ге құқылы. Мұндай жағдайда бас­қарманың маманда­рына  8 (7152) 50-16-81 телефоны­на, сон­дай-ақ, Мемлекеттік қыз­мет істері агенттігінің Солтүстік Қа­зақстан облысы бойынша депар­та­ментінің 8(7152) 36-01-62 те­лефоны арқылы хабарласуға бо­ла­ды. 

Олжас БОЛЫСПАЕВ,

облыстық ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp