Елімізде тексеру комиссиясы осыдан 10 жыл бұрын құрылған болатын.
Атаулы датаға орай Солтүстік Қазақстан облысының тексеру комиссиясы «Жергілікті бюджеттердің мемлекеттік аудит жүйесіндегі тексеру комиссияларының рөлі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Оған Есеп комитетінің мамандары мен еліміздің басқа өңірлеріндегі есеп комиссияларының басшылары және Ресейдің Қорған, Челябі облыстарындағы бақылау-есеп палатасының өкілдері қатысты. Бұл іс-шараның басты мақсаты комиссия жұмысының тиімділігі мен ашықтығын дамытып, өзара тәжірибе алмасу. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция туралы мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
Сағындық МАУҒАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.