«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТӘРБИЕДЕН ЖАЛТАРҒАНДАР

Петропавл қаласындағы ювеналдық полицияның учаскелік инспекторлары жыл басынан бері ата-ана міндетін атқарудан жалтарғандарды анықтап, тізімдеді.

Кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу мен асыраудан жалтарған сексен екі ата-анаға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы бойынша шара қолданылып, әрқайсысына он төрт мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің құқық бұзушылығы мен қылмысының алдын алу және балалардың құқықтарын қорғау ерекше бақылауға алынды. Полиция қызметкерлері осы кезеңде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмысын жүргізуде.

Бала тәрбиесімен мүлде айналыспай, ішімдікке салынған бірнеше ата-анаға қатысты материал ювеналдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері мен қамқоршылық органдарының өкілдері қатысқан отырыста қаралды. Жыл басынан бері ішімдікке салынып, ең шектен шыққан он ата-ана бала тәрбиелеу құқығынан айрылды. Бұл – баланың орнына бөтелкені таңдаған ата-аналарға қолданылатын соңғы және ең ауыр шара.

Динара САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің аға инспекторы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp