«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УАҚТЫЛЫ ЕМДЕЛУ ӨМІРДІ ҰЗАРТАДЫ

Өңір бойынша сүт безінің қатер­лі ісігі онкологиялық аурулардың ішінде бірінші орында тұр. Биыл тоғыз айдың ішінде бұл дерт 151 әйелде анықталды.

Сүт безі қатерлі ісігінің белгілері сырт көз­ге аса байқала бермейді. Бұл дерт сонысы­мен қауіпті. Өйт­кені, обырдың алғашы ке­зең­дерін­де кеудеде еш өзгеріс болмауы, тіпті, ауырмауы мүмкін. Ал асқын­ған жағ­дай­да төс қатайып, сұйық­тық бөлінуі ықти­мал. Тері қабыр­шақтанып, апельсин қабы­ғына ұқ­сайды. Бір ескерте кететіні, сүт бе­зі өздігінен өте сирек ауырады. Етек­кір келер алдында жайсыздық тудыру сияқты белгі­лер пайда бо­ла бастайды. Маған пациент кел­­генде, ең алдымен, кеудесінің қай жері ауы­ратынын сұраймын. Сүт безі кеуде қуы­сында орналасқан­дықтан, көбі торакалгия­ның сал­дарынан көкірек ауырады деп ой­лайды. Сүт безінің қатерлі ісі­гінде көкірек ауырмайды. Сондық­тан тексерілуге келген сырқаттар­ға обыр диагнозы қойылып жат­қан­да менің еш жерім ауырмайды ғой деп таңғалып жатады.
Дәрігерге дер кезінде қаралу­дың маңы­зы зор. Етеккір бастал­ғаннан кейін 7-9 күн ішінде көріну қажет. Ісік тек қана ультрады­быс­­тық зерттеу немесе рентгеноло­гия­лық маммография арқылы анық­талады. Бірақ РММ аппара­тын 40 жасқа дейінгілерге қол­да­ну­ға болмайды. Сүт безінің қатерлі ісігі, негізінен, орта жастан асқан әйел­дерде, яғни 55-60 жастан кейін білініп жатады. Соң­ғы кезде жас қыз-келіншектер арасында да жиі кездеседі. Түйіндер қолтық астында пай­да болады. Кейбіреу­лер кеудеге имплант қою обырдың пайда болуына әсер етеді де­ген жаңсақ пікірге ұрынып жатады. Бұл – ғы­лыми түрде дәлелденген. Солай екен деп жайбарақаттыққа салынуға болмайды. УДЗ, ММГ диагностикадан жүйелі түрде өтіп тұру артықтық етпейді. Имплант қой­дыру басқа аурулардың пайда болуына әсер етуі мүмкін.
Посткеңестік елдер дәрігерле­рі­нің сүйік­ті термині – “мастопатия” жайлы сұрақтар ма­ған жиі қойы­ла­ды. Шындығына келген­де, “масто­патия” деген диагноз жоқ. Сүт безі – гормонға тәуелді орган. Гормон­дық өз­герістер оған әсер етіп, әйел ауруы мүм­кін. Қалқанша безі, ги­пофиз аденомасы ги­некология­лық ауруларға да байланысты туын­дауы ықтимал. Сүт безі қатерлі ісігі кейде жүкті әйел­дерде анықталып жатады. Бұдан қорқу­дың қажеті жоқ. Емдеу бары­сында әйелдің жағ­дайы ескеріліп, балаға зиян тимейтін жол­дары жан-жақты қарас­тырылады. Сүт безі қатерлі ісігінен емделіп шыққаннан кейін сәби сүйетіндер баршы­лық. 5 жыл­дан кейін жүкті болса, қайталану тәуекелі кемиді.
Әйел уақытында бала туып, барынша ұзақ емізгені жөн. 40 жастан асқаннан кейін жылына бір рет УДЗ-ден, екі жылда бір рет ММГ-дан тексерілуді ұмытпаңыз.


Майя ТОҚСАНОВА,
онкология орталығының маммолог дәрігері. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp