«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

УАҚЫТҚА ҮНЕМ

Соңғы жылдары автокөлік құ­жат­тарын электронды түрде рәсім­дейтін қазақстандықтар саны бір­шама артқан. Электронды үкімет порталы арқылы көлігін тіркеп, жүр­гізуші куәлігін ауыстырған жүргізу­ші­лер онлайн жүйенің тиімді екені­не көз жеткізуде.

Былтыр онлайн әдіспен рәсім­дел­ген жүргізуші куәліктерінің са­ны 2018 жылдың сәйкес мерзімі­мен салыстырғанда 8 есеге, ал қай­та тіркеуге қойылған көліктер саны 20 есеге артты. Егер 2018 жылы 19409 қазақстандық жүргізуші куә­лігін онлайн түрде рәсімдесе, өт­кен жылы жүргізуші куәлігін элек­трон­ды өтініш арқылы ауыстыр­ған­дар­дың саны 153 мыңнан ас­қан. Сондай-ақ, онлайн түрде кө­лік­ті қайта тіркеуге қою қызметтері­нің көрсеткіші де жоғары болған. Бұл қызмет 2019 жылы 100 мың рет пайдаланылған. Ал 2018 жылы тек 5 мыңды құраған еді.
Көлігін онлайн түрде тіркеген тұр­­ғынның бірі – Қайырбек Қора­баев. Сатушы Нұр-Сұлтан қала­сын­да бол­ғандықтан, көлікті элек­тронды үкімет порталы арқылы рә­сімдеген. Азамат осылайша ха­лық­қа қызмет көрсету орталығында ке­зекте тұр­май-ақ мәселесін шеше алған.

 

Ерназар НҰРҒАЛИЕВ,
“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp