Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылында қорап жасайтын цех аумағында өрт шықты. Құтқарушылар келген кезде жалын 400 шаршы метрді шарпып үлгерген. Тілсіз жаумен күреске 7 техника мен 26 маман жұмылдырылды. Жалын цехтың шатырын, қосалқы жабдығын зақымдап, дайын өнімнің бір бөлігін жойған. Өрт сөндірушілер негізгі жабдықтар орналасқан өндірістік цехты сақтап қалды, сондай-ақ, жалынның көрші ғимаратқа таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ. Апат себебі мен шығын мөлшері анықталуда. Жалпы аумағы 2 мың шаршы метрді құрайтын өндіріс ғимараты өткен жылдың 16 желтоқсанында ашылған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp
Соңғы жаңалықтар
- 17.03.2025
- 2 қаралым
- 17.03.2025
- 0 қаралым
- 17.03.2025
- 1 қаралым
- 17.03.2025
- 1 қаралым
- 17.03.2025
- 2 қаралым