Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов парабиатлоннан әлем чемпионы және «Хрусталь глобус» иегері Ербол Хамитовпен жүздесті. Кездесуде параспорттың өңіріміздегі болашағы, жас спортшыларды қолдау және Ерболдың кәсіби мансаптағы алдағы жоспарлары туралы айтылды.
– Ербол – жай ғана чемпион емес. Оның өмір жолы – рухтың, ерік-жігер мен табандылықтың жарқын үлгісі. Ол мыңдаған адамға шабыт беріп, адам мүмкіндігінің шексіз екенін дәлелдеді. Біз алдағы уақытта да спортшыларымызды қолдап, бұқаралық және балалар спортын дамытуға, сондай-ақ өңіріміздің спорттық инфрақұрылымын жетілдіруге күш саламыз, – деп жазды өңір басшысы әлеуметтік желідегі парақшасына.
Кездесуде Ербол Хамитов өңір басшысына облысымызда спортты дамытуға басымдық берілгенін, жастарды саламатты өмір салтын берік ұстануға талпындыру бағытында қолға алынуы тиіс жоспарлары туралы айтты.
Рабиға ЕРАЛЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».