Петропавлда балаларды қорғау күніне орай жасөспірімдердің шығармашылық ұжымдарының шеруі ұйымдастырылды.
Алғаш рет өткізілген «Шабыт шеруіне» ән-би ансамбльдері, спортшылар – барлығы1600 өнерпаз қатысты. Шеру Погодин атындағы облыстық орыс театры алдындағы алаңнан бастап, қала көшелерімен Тәуелсіздік стеласына дейін жүріп өтті.Мұндай шеру бұдан былай дәстүрге айналдырылмақшы.