Жартылай орта салмақта “M-1 Global” тұжырымының чемпионы Шавкат Рахмоновтың “UFC”-дегі алғашқы қарсыласы анықталды.
25 жастағы қазақстандық файтер 24 қазан күні Абу-Даби қаласында “UFC 254” турнирінде дебюттік кездесу өткізеді. Шавкат Рахмоновтың қарсыласы бразилиялық Алекс Оливейра (22-8) болмақ. Ол мансабында 22 қарсыласын жеңіп, 8 жекпе-жегінде ұтылды. Қазақстандық файтер америкалық компаниядағы дебютін осы жылдың наурыз айында өткізуі керек еді. Бірақ іс-шараға бір апта қалғанда турнирдің өтпейтіні белгілі болды. Кейінірек дебют шілде айына жоспарланғанымен, бұл жолы Шавкат Рахмоновтың өзі қолынан жарақат алып, турнирге қатыса алмады.