“Даму” қорының кәсіпкерлерді қолдау орталығында арнайы салық режімін қолдану ережелерін үйренуге арналған шеберлік сыныбы өтті. Бұл шарада шағын бизнес субъектілері салық формасын толтырудың бекітілген ережелерінің теориялық негіздерін пысықтаумен қатар, оның тәжірибе жүзінде қалай орындалатынын үйренді.
Кәсіпкерлерді қызықтырған сұрақтарға орталықтың кеңесшісі, тәжірибелі есепші-аудитор Валентина Кириенко жауап берді. Кеңес алушылар әлеуметтік төлемдердің қалай жүргізілетіні, еңбекақы төлемінде қандай салық есептелетіндігі, еңбеккерлердің жалақысын төлеу мен ұжымның орташа айлық көрсеткішін анықтау сияқты өзекті мәселелерді тереңірек оқыды. Мұнда келгендердің кәсіпкерлік қызмет ортасы әртүрлі болғандықтан, олардың әрқайсысы өз жұмыстарына қатысты жағдайлардың да басын ашып алды.
Гүлмира ЖАҚЫПОВА,
“Даму” қоры облыстық филиалының менеджері.