Өткен аптада Ресей Федерациясындағы Қорған облысында мемлекеттік шекарада құқық бұзушылық орын алды.
Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараты бойынша, үш қаскүнем кеш батқанын пайдаланып, Қазақстаннан Ресейге тексеру пунктерін айналып, шекараны заңсыз жаяу кесіп өтпек болған. Техникалық құралдарды кешенді пайдаланудың нәтижесінде заң бұзушылық уақтылы әшкере болды. Шекарашылар қызметтік иттердің көмегімен күдіктілерді қолға түсірді.