Кеден одағының “Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы” жаңа Техникалық регламенті 2014 жылғы 1 мамырдан бастап күшіне енді. Енді шұжықтар өз атауларын ет және одан жасалған өнімдер сапасы тек жаңа техникалық регламентке сәйкес келетін болса ғана ала алады. Ал, қалғандарының бәрінде өнімдерінің атауларын өзгертулеріне тура келеді.
Маркировкаға қойылатын талап қатая түсті. Айталық, “Любительская”, “Зернистая”, “Молочная”, “Докторская сияқты бізге өте жақсы таныс шұжықтардың және басқаларының құрамы толық стандартқа сәйкес келетін болса ғана атауларын сақтап қалады. Оны бекіту үшін тағыда сәйкестігі туралы декларация толтыру қажет болады. Ал қалғандарының барлығына тұтынушылардың түсініспеушілігін тудырмас үшін өз өнімдерін қайтадан атауға тура келеді.
Стандарттар күшіне енгеннен кейін де талап қатая түседі, мысалы, “Докторская” шұжығы неден жасалғаны түсініксіз емес, шын мәніндегі ет өнімі болуы тиісті. Стандарттың негізі кеңестік кезден бергі осыған ұқсас ГОСТ болып табылады. Олар өндірушілерден өндіру кезінде қытай бұршағы мен түрлі өсімдік қоспаларын емес, таза табиғи етті ғана пайдалануды талап етеді. Әрі көптеген шұжық сұрыптары үшін арзандау құс еті емес, тек шошқа және қара мал еттері ғана пайдаланылуы тиіс.
Жасаушылардың ойынша жаңа техникалық регламент тұтынушыларды сапасыз өнімдерден және ет өнімдерін алмастырғыштардан қорғауға мүмкіндік береді. Белгілі бір шұжық түрін сатып алған адамның шын мәнінде нақтылы көрсетілген өнімді алып отырғанына сенімі артады. Әйтпесе, көпшілік жағдайларда нарықтағы өнімнің атына затының сәйкес келмейтіні жасырын сыр емес. Мысалы, тұтынушыларға жақсы таныс “Докторская” үлгісіндегі шұжықтың өз құрамы бойынша осы стандартқа жатуы тиісті өнімдерден түбегейлі айырмашылығы бар. Бұл тұтынушылар құқын бұзу болып табылады және адал тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне күмән тудырады.
Көптеген шұжық өндірушілер техникалық регламент күшіне енетін болса, жұртшылықтың сүйікті тағамына баға өседі деген уәж айтуда. Бірақ, сарапшылардың пікірі бойынша шындығында түпкі өнім онша қымбаттамайды, өйткені, оның өндірісіне өзіміздегіден құны әлдеқайда сынық шет жерден әкелінген ет жиі пайдаланылады.
Ет және ет өнімдеріне Кеден одағын техникалық регламенті енгізілгеннен кейін нарықта көрсетілген талаптар мен өнім сәйкестігінің орындалуын қамтамасыз етуді Кеден одағы және бірыңғай экономикалық кеңістік елдерінің Үкіметтері айқындаған өкілетті мемлекеттік бақылау органдары қадағалайды.
Светлана ПЛЕННИК,
облыстық Техникалық реттеу және метрология департаментінің бас маманы, мемлекеттік инспектор.