26 қыркүйекте Ыстанбұлда жойқын жер сілкінісі болды. Зілзаланың магнитудасы – 5,8. Жер дүмпуі Ыстанбұлда және оған жақын аудандарда сезілді.
Ыстанбұл провинциясы губернаторы әкімшілігінің мәліметінше, қаладағы төтенше жағдайлар және құтқару қызметтеріне қираған ғимараттарға қатысты хабарлар келіп түспеген. Қазір аталған мекемелер мен қызметтер жер сілкінісі келтірген шығын көлемін есептеп жатыр. «Төтенше жағдайларда іс-қимылды үйлестіру жөніндегі орталық жағдайды бақылап отыр, жер сілкінісі кезінде қаза тапқандар немесе мүлкіне зақым келген адамдар туралы мәлімет келіп түскен жоқ», – деп мәлім етті қала мэрі Экрем Имамоглу.
www.inform.kz
Сурет https://24.kz сайтынан алынды.