Петропавлда денсаулық сақтау және білім беру мекемелерінде тұрмыстық қалдықтарды бөлектеп жинау жөніндегі жоба жүзеге асырыла бастады.
Ол үшін № 9 орта мектеп және № 3 қалалық аурухана аумағына эко-контейнерлер орнатылды. Осылай жиналған қалдықтар қайта өңдеу үшін Алматыға жіберілетін болады. Алдағы уақытта мұнда арнайы контейнерлер барлық мектептер мен ауруханалар жанына қойылмақшы.