Үстіміздегі жылдың басынан бері өңіріміздегі экологиялық ахуалды бақылау үшін департамент инспекторлары оннан астам тексеріс жүргізді.
Дені жоспарланған алдын алу шаралары болса, қалғаны – туындаған жағдайға байланысты жоспардан тыс тексеру. Жоспардан тыс тексерістердің барысында елуден астам заң бұзушылық анықталып, кемшіліктердің орнын толтыру үшін нұсқамалар берілді. Жауапсыз әрекетімен қоршаған ортаға зиянын тигізген он заң бұзушы жалпы сомасы 2 155 мың теңгеден астам айыппұл төлеуге міндеттелді. Оның жетеуі әкімшілік жауапкершілікті өз еркімен өтесе, қалған сома сот арқылы өндіріліп алынды. Сонымен қатар қоршаған ортаға зарар келтіргені үшін жалпы сомасы 28 123 мың теңгенің 11 талап-арызы толтырылды. Мұнда да кейбір заң бұзушылар кінәсін мойындап, белгіленген соманы өз еркімен төлесе, айыппұлды өндіріп алу үшін сотқа жүгінген жағдайлар да тіркелді.
Толығырақ газетіміздің ертеңгі санынан оқи аласыздар.