«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА

Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің оқушылары арасында “Экономика” пәнінен олимпиада өтті. Кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында өткізілген білім сайысында оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен экономикаға деген қызығушылығы анықталды.

Осы уақытқа дейін мектеп оқушыларына арналған облыстық олимпиадалар тек жаратылыстану және гуманитарлық бағытта өткізілгені белгілі. Себебі, оқушылардың бұл саладағы білімдерін бағамдау жеңілірек. Ал “Экономиканы білу – табысқа апаратын жол” олимпиадасы экономикалық ойлау мен түйсікке негізделген. Мектеп бағдарламасынан тыс белгілі бір елдің экономикалық ахуалы жайында пайымдау сараптамалық ойлауды қажет етеді.
Олимпиадаға ұстаздарының жетекшілігімен дайындалған оқушылар белсенділік танытып, тест сұрақтары күрделі болса да жауап берді. Білім сайысының нәтижесі бойынша Бірінші гимназияның 11 а сыныбының оқушысы Дарья Храпова жеңімпаз атанды. Ең бастысы, оқушылар кейбір пәндерді мектепте оқымаса да, жан-жақты білімді болудың маңызын түсінді.


Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА,
Петропавл құрылыс-экономикалық колледжінің арнайы пәндер бойынша оқытушысы. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp