«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКСПОРТ КӨЛЕМІ АРТТЫ

Өткен жылдың 11 айының көрсеткіші бойынша Солтүстік Қазақстан облысы мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы сауда айналымы 274 713,8 мың АҚШ долларын құрады. Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, экспорт көлемі былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,2 пайызға артып, 34 655,7 мың АҚШ долларын, ал импорт, керісінше, 29,4 пайызға кеміп, 240 058,1 мың АҚШ долларын құраған. Облыстан сыртқа жөнелтілетін тауарлар ішінде мал және өсімдік өнімдері басым. Одан кейінгі орындарда дайын азық-түлік өнімдері, металл және металл бұйымдары, көлік құралдары, құрылыс материалдары, аппараттар мен аспаптар тұр.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp