Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Отырыста Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының орындалуы барысы, “ЭКСПО – 2017” көрмесіне дайындық және оны өткізу кезеңінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету жайы қаралды.
Ел Президенті отырысқа қатысушылар назарын “ЭКСПО – 2017” кезінде қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің бірқатар негізгі қағидаттарының сақталуына аударды.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы алдағы көрменің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар аясында мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру үшін Ішкі істер министрі басшылық ететін арнайы ведомствоаралық штаб құруды тапсырды.