Қазақстанның Qoldau.kz бас аграрлық порталы «AgroRuqsat» жаңа сервисін іске қосты.
Сервис жеке тұлғалар мен көлік құралдарының төтенше жағдайлар кезінде карантин жарияланған және қозғалуға тыйым салынған ауылдар, аудандар мен облыстардың шекаралары арқылы қозғалуы үшін мерзімсіз рұқсаттама алуға мүмкіндік береді. Ең бастысы, рұқсаттамалар беру үдерісін жеңілдетеді. Ол үшін фермерлердің әкімдіктерге немесе құқық қорғау органдарына жүгінудің қажеті жоқ. Аграршылардың егін алқаптары мен олардың атына тіркелген көлік құралдары туралы деректер мемлекеттік дерекқорлармен (мемлекеттік жер кадастры, ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімі) автоматты түрде салыстырылады. Сондай-ақ, электронды рұқсаттаманы тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы техникаларын, қосалқы бөлшектер жеткізетін немесе механизаторлық және көлік қызметтерін көрсететін компаниялар да ала алады.
Біз фермерлердің елеулі қиындықтарға тап болғанын білеміз. Карантиндік режімде көктемгі дала жұмыстарын атқару қиын. Өйткені, орын ауыстыру бойынша шектеулер бар және бірыңғай тәсіл жоқ. Солтүстік өңірлер дайындық шараларына қызу кіріскен. Шаруашылықтардың алқаптары әртүрлі аумақтарда орналасуы мүмкін. Сондықтан жауапты науқанды қажетті мерзімде сапалы аяқтаудың маңызы зор. Коронавирус елдің азық-түлік қауіпсіздігі үшін аграрлық саланың қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Qoldau порталы отын бөлу тетіктерін цифрлау, субсидияларды бөлу, егістіктің электрондық карталарын енгізу және басқа да сервистерді ұзын-сонар кезектерден арылтуға, ауыл шаруашылығы бөлімдеріне, халыққа қызмет көрсету орталықтарына қайрылмауға мүмкіндіктер береді.
Әзірге осы сервисті енгізу туралы шартқа тек Павлодар облысының әкімдігі ғана қол қойды. Агроөнеркәсіп кешенін цифрландыруда бұл өңірде қызықты тәжірибелер аз емес. Басқа облыстар да жедел сервиске қосылады деген үміттеміз. Сервис «жауынгерлік сынақтан» өтіп жатқан кезде кей мәселелердің туындауы ықтимал. Барлық қыр-сырын алдын ала болжау қиын. Оның үстіне, уақыт тығыз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке, тиісті ведомостволарға, облыс әкімдеріне ауыл шаруашылық азық-түлік тауарларын жеткізушілердің автомашиналарын карантинді қалаларға үздіксіз өткізуді қамтамасыз етуді, «жасыл» аймақтар арқылы өту үшін рұқсаттамаларды жедел беруді тапсырып, бұл тталаптың көктемгі егіс жұмыстарына кірісетін фермерлерге де қатысы барын атап көрсеткен болаты.
Ақпараттық-есептеу орталығының мамандары келіссөздерден бастап, әдіснамалық, құқықтық, техникалық қамтамасыз ету мен бірнеше дерекқорлар интеграциясын аяқтады. Жаңа сервис сыбайлас жемқорлық тәуекелін де азайтады. Өйткені, блокбекеттерде бопсалау фактілері орын алып жатқаны белгілі. AgroRuqsat электрондық рұқсаттамаларын алу механизмі блокбекеттерде орнатылған «Сергек» жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Демек, көлікпен карантиндік аймақ шекарасын кесіп өту процесі жеделдетіледі деген сөз.
«AgroRuqsat» сервисі айқын және де аграршылар тарапынан тарапынан қандай да бір төлемдерді і талап етпейді.
«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның баспасөз қызметі.