«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Электр желісінің тірегін құлатты

Өткен жұма күні түс кезінде Украин көшесінде «MAN 202» маркалы № 7 бағыттағы автобустың жүргізушісі қарсы жолаққа шыққан кезде, алдыңғы жолда келе жатқан «Shaolin» маркалы №4 автобусына апаттық жағдай туғызған. 

Соның нәтижесінде, «Shaolin» автобусы электр желісінің тірегіне соғылып, оны құлатқан. Зардап шеккендер жоқ; жүргізуші мен автобуста болған бірнеше жолаушы медициналық көмекке жүгінбеген. «Shaolin» автобусына механикалық зақым келтірілді. Ал «MAN 202» маркалы № 7 бағыттағы автобус жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Үстіміздегі жылдың он айында облысымыздың жолдарында 159 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан 30 адам қайтыс болып, 206 адам әртүрлі дәрежеде дене жарақатын алған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp