«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІНІСІ ІЗІН БАСТЫ ӘПКЕСІНІҢ

Петропавл қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесімен күрес бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын сатқан екі адамды ұстады.

Бұлардың біреуі 57 жастағы көше сыпырушы екен. Ол аялдамаларда, көшелерде жиі болатындықтан, есірткіні өткізуге қолайлы адамдарды іздестіріп жүреді.

Бұл әрекеті полиция қызметкерлеріне белгілі болған. Алайда, із кесушілер асықпай, әбден қадағалап барып, оны героин есірткісін саудалап тұрғанда нақты айғақпен қолға түсірді.

Екінші есірткі таратушы ДСР-дегі өзінің үйінде құрықталды. Бұл кәсіпке 30 жастағы жігіт көптен үйір екен. 2012 жылы оның әпкесі де осындай қылмысы үшін 12 жылға бас бостандығынан айрылған.

Қазір ұсталғандар есірткі таратқаны үшін заңға сәйкес 10-15 жыл аралығындағы жазаны күтіп, қамауда отыр.

Жыл басынан бері есірткі таратумен айналысқан жеті қылмыскер ұсталды. Олардан 1 килограмнан аса есірткі заттары тәркіленді. Оның 30 грамдайы – героин.

Ольга ШИЯН,

 облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp