«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАЛАМТОР ЖӘНЕ БІЗ

Есімі елімізге белгілі блогер, Қазақстанның Интернет қауымдастығының белсенді мүшесі Данияр Алан өңірімізге арнайы келіп, Петропавлдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “Әлеуметтік желідегі қауіпсіздік” тақырыбында семинар өткізді. “Қызылжар жастары” жастар қоғамдық бірлестігінің мамандары ұйымдастырған шараға өңір өрендері қатысты.

Бүгінде ақпарат тарату мүмкіндігі бойынша ғаламтор алдыңғы қатарға шығып отыр. Ондағы әлеуметтік желілерді қолданушылардың саны күннен-күнге артып келеді. Үстіміздегі жылы оларды қолданушы азаматтардың орта жасы 7 және 48 аралығында болса, олардың қатарындағы жастардың көбі әлеуметтік желісіз өмір сүре алмайтын жағдайға жеткен. Бұл біздің елімізді ғана емес, әлем мемлекеттерін алаңдатып отырған жайт. Мысалы, әлемді дүр сілкіндіріп жатқан лаңкестік әрекеттер, суицид деген ұғымдардың үгіт-насихаты осы әлеуметтік желілер арқылы қарқынды жүргізілуде. Блогинг саласында біраз жылдық тәжірибесі бар Данияр Алан жиналғандарға осы қауіп-қатерлердің алдын алу шаралары туралы айтты. “Вконтакте”, “Фейсбук” сияқты, басқа да көптеген әлеуметтік желілердегі жазбаларды тексеру (фактчекинг), жалған ақпарат таратудың соңы неге апарып соғатыны туралы баяндап берді. Біздің өңірде блогосфераны дамыту қажеттігін де тілге тиек етті. Семинарға қатысушылардың тарапынан қойылған сұрақтарға да жауап берді.

Фархат ТАСТАМБЕКОВ,

“Қызылжар жастары”

қоғамдық бірлестігінің мүшесі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp