«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒАСЫР ДЕРТІ

Облыстық Ғ. Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында “Есірткі – ғасыр дерті” атты денсаулық сағаты ұйымдастырылды. Шараға қатысқан Петропавлдағы бірқатар мектептердің оқушылары есірткінің зияны жайында ойларын ортаға салды. Сарапшылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шараның екінші бөлімінде нашақорлықтың айықпас дерт екенін ескертетін бейнеролик көрсетілді. Зұлымдық атаулының, адамды бақытсыздыққа ұшырататын қылмыстардың есірткіден бастау алатыны шынайы дәйектермен, шағын сюжеттермен жеткізілген видео жиналғандарды иландырды.

“Нашақорлық – тығырыққа апарар жол” атты кітап көрмесі де осы тақырыпта қалам тербеген белгілі қаламгерлердің шығармаларын қатарға қаздай тізіп қана қоймай, кітапхана қызметкерлерінің көмегімен қызығушылық танытқандарға мазмұнын тереңірек ашуға мүмкіндік берді.

Нұргүл ОҚАШЕВА,

 “Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp