«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҒИБАДАТХАНА АШЫЛДЫ

Облыс орталығындағы “Береке” шағынауданында “Севастиан-Магдалина” православиелік шіркеуі ашылды. Бұл нысан – Петропавл қаласындағы бесінші ғибадатхана.

Жаңа шіркеудің ашылу салтанатына облыс әкімі Құмар Ақсақалов пен Қазақстан Православие шіркеуінің басшысы, Митрополит Александр қатысты.

– Жаңа ғибадатхананың ашылуы өңіріміздегі рухани құндылықтардың дамуын айғақтайды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев этносаралық және конфессияаралық келісім, барлық азаматтардың теңдігі басты құндылық екенін айтып келеді. Бүгінгі шараға облыс орталығындағы мешіттердің, шіркеулер мен ғибадатханалардың өкілдерінің қатысуы – осының айғағы, – деген Құмар Іргебайұлы жиналғандарды жаңа нысанның ашылуымен құттықтап, оны тұрғызуға қолдау көрсеткен меценаттар мен тұрғындарға алғыс айтты.

Ал Митрополит Александр осындай шараларға барлығымыз жұмыла қатысып, рухани құндылықтарымызды арттыруымыз қажет деді.

Ғибадатхананың алғашқы кірпіші осыдан екі жыл бұрын қаланған болатын. Құрылыс жұмыстарын “Петропавл және Булаев епархиясы” діни бірлестігінің жетекшілік етуімен “Зерттеу СК” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Шіркеу құрылысына 350 млн. теңге жұмсалды. Жалпы аумағы 257,2 шаршы метрді құрайтын ғибадатхана шамамен 100 адамға шақталған.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ, “Soltústіk Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp