«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қабіртастағы жұмбақ жазу

Жуырда қала тұрғындары орталық саябақтың аумағынан көне қабіртастың бір бөлігін тауып алған болатын. Ғалымдар ондағы арабша жазудың аудармасын жасады.

Облыстық мәдениет, мұрағат­тар және құжаттама басқармасы басшысының міндетін атқарушы Досбол Әбдірисовтың айтуынша, тасқа жазылған көне жазуды М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері Елесбай Нұржұма аударған.

– Алдын ала зерттеулерге сәй­кес қабіртасты XIX ғасырдың екінші бөлігі мен ХХ ғасырдың ба­сына жатқызуға болады. Онда “Дарол михнаттан дарол рахеге интиғал етілді (Михнат дүниесінен рақат дүниесіне көшті). Рахметолла Тағала…” деген жазу бар. Қабіртас иесінің аты-жөні белгісіз, – деді Досбол Әбдірисов.

Басқарма өкілінің айтуынша, қалалық Мәдениет және демалыс саябағы 1860 жылы пайдалануға берілген. Бір кездері оның аумағында мұсылман зираты болған. Ол жерде Алаш қайраткері, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекен Жұмабайұлы жерленген.

Қанат АТАМАНОВ,

“Soltústik Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp