Үкімет басшысы Асқар Мамин Ауыл шаруашылығы министрлігі жер реформасы жөніндегі комиссия құру туралы шешім жобасын енгізуді тапсырды.
“Комиссия жер ресурстарын одан ары пайдалану бойынша нақты ұсыныстарды дайындауы қажет”, – деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.
Премьер-Министр сондай-ақ бірінші вице-премьер Әлихан Смайыловқа мемлекеттік органдар және ұлттық холдингтармен бірлесіп, Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелерін пысықтап, екі аптаның ішінде шешім жобасын енгізуді жүктеді.
“Сондай-ақ әкімдіктер мен Еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрлігіне бірлесіп, “Жұмыспен қамту” бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз етіп, тұрақты жұмыс орындарын санын ұлғайтуды тапсырамын”, – деді ол.
https://egemen.kz/