Белоруссияда өтетін дәстүрлі “Славян базары” байқауы өз мәресіне жетті. Қазақстанның атынан додаға түскен отандасымыз Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Бексұлтан Кенішқалиев үшінші орынға ие болды.
Бексұлтан – бұған дейін де бірнеше халықаралық ән бәйгелеріне қатысқан кәсіби музыкант. Індеттің алдын алу мақсатында биылғы байқау ашық аспан астында өтті.
Жерлесіміз сайыстың 2 кезеңі бойынша 125 ұпай жинады. Биыл бас бәйге Белоруссияның өзінде қалды.
https://egemen.kz/