«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРТТАРҒА ҚҰРМЕТ

Жылсайынғы дәстүр бойынша 1 қазан – Халықаралық қарттар күнінде Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар, өртке қарсы қызмет органдары жүйесінде көп жылдар еңбек еткен ардагерлерге облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік меке месінің №3 өрт сөндіру бөлімі өз есігін айқара ашты. 

 Дос-жаран, әріптестер және солтүстікқазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ардагерлердің басы бұл күні дастарқан басында қосылып, арқа-жарқа болды. Оларды өртке қарсы қызметінің бастығы өртке қарсы қызмет полковнигі Серік Ғайсин және бөлімше қызметкерлері жылы ұшырай қарсы алды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынбай Уәлиев өзінің әріптестерін осынау айтулы мерекемен құттықтап, оларға материалдық көмек көрсетті. Ол ардагерлер ұйымы мүшелеріне моральдық және материалдық көмек көрсетіп отыру үшін барлық мүмкіндік бар екенін тілге тиек етті.
Өмірлерінің басты бөлігін халықтың қауіпсіздігіне арнаған ардагерлер қауымы жас кездеріндегі еңбек жолдарын еске түсіріп, бір сәтке жастық шақтарына оралып қайтқандай күй кешті.
90 жылдық мерейтойын атап өткен Иван Ильич Ципадой балалық шағын сұрапыл соғыс оты шарпығандықтан, бұғанасы қатпай тұрып, қара жұмысқа жегілгенін, жастық шағындағы еңбек жолын еске алып, қалай шаңырақ құрғанын, балаларын өсіріп-жетілдіргенін әңгімеледі.
Ардагерлер Марат Мұсабаев, Ерік Мәжитов, Райса Бахриразаева, Людмила Волкова және тағы басқалары мерекелік шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдіріп, игі тілектерін арнады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp