Соңғы уақытта футбол клубтарын бюджет есебінен қаржыландырудың тиімсіздігі, жергілікті ойыншыларды тәрбиелеудің орнына шетелден легионер тартудың зияны туралы айтылып та, жазылып та жүр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та биылғы Жолдауында бұл мәселеге көңіл бөліп, кәсіпқой клубтарды бюджет есебінен қаржыландыруды азайтып, өз спортшыларымызды тәрбиелеуге басымдық беру қажеттігін атап айтқан болатын.
Қазақстан футбол федерациясы 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің азаматтарына біздің елде Қазақстан футболының түлегі ретінде отандастарымызбен тең дәрежеде ойнау мүмкіндігін берді. Бұл келімсектердің санын тіптен арттырып жіберген сыңайлы. Карантинге байланысты тоқтап, тамыз айында жалғасын тапқан футболдан ел чемпионатында өнер көрсететін командалардың құрамындағы легионерлерден көз сүрінеді.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің бүгінгі санынан оқи аласыздар.